«Мектепке жол» акциясы
2022-2023 оқу жылы
«Софиевка ЖОББМ» КММ
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл қарқынды өткізілуде. «Балалар жылының аясында» акция жандана түсті.
Акцияның мақсаты: Аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін 2022-2023 жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық және басқа да көмек көрсету. «Мектепке жол» акциясы жыл бойы жалғасатын болады.
Осыған орай «Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде акция қарқынды жүріп жатыр.
Осыған сәйкес Софиевка ауылында 2021-2022 оқу жылында 18 отбасынан шыққан 54 оқушыға 40 мың теңгеден бюджеттік қаражаттан ақша бөлініп әр ата-ананың жеке есепшотына жіберілді. Мектеп оқушылары бұл қаржыға мектеп формасын, спорттық киімдерді алды.
Сомасы – 2 160 000 теңге.
Оқушылар тізімі:
2021-2022 оқу жылына «Балалар жылы» аясында ауылымыздың ерікті кәсіпкерлері демеушілік көмек көрсетті. Демеушілер:
Әр ЖШС 200 мың теңгеден көмек көрсетті, жалпы сомасы 1 000 000 теңге. Демеушілердің қаражатына 42 оқушы мектеп формасы, спорттық киімдер, аяқ киімдер алды.
Жалпы көмек көрсетілген оқушы саны – 96, көмек көрсетілген барлық қаражат мөлшері – 3 160 000 теңгені құрады.