Софиевка ауылы № 21 орта мектебініңөзін-өзі басқару ұйымының мүшелері 25 ақпан күні ортаңғы және жоғары сынып оқушыларына «СНЮС – біздің өмірімізде жоқ!» тақырыбында флешмоб өткізді. Бұл іс-шараны өткізу мақсаты жасөспірім оқушыларға қоғамға кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы толық мағлұматтар бере отырып, олардан бойын аулақтату. Санитарлық-гигиеналық талапқа сай таза жүруге, адамгершілікке және салауатты өмір сүруге шақыру.Оқушылар бастапқыда СНЮС жайында мәліметтер айтты. Кейін оқушылар арасында сұрақ-жауап жүргізілді. Соңында денсаулықты нығайтуға септігін тигізетін жаттығулармен қортындыланды.
Деніміз сау, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болып, зиянды заттардан бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын қалыптастырайық.
Аға тәлімгер: Рахатай Н.Ө.