Сыбайлас жемқорлық
Әлемдегі бәсекеге қабілетті озық отыз елдің қатарынан орын алуды мақсат тұтқан мемлекетімізде дамудың бір бағыты ретінде сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру міндеті тұрғаны белгілі. Тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша тамырын жайған.
Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік құбылыс. Оның себебін, мағынасын толық түсіну мүмкін емес, деп есептейді ғалымдар. Бір ғана факт бар: жемқорлық – қоғамның дамуын тежегіш фактор. Бұл ұғымның ресми түсіндірмесі бар. Латын тілінен аударғанда коррупция – сындыру, бүлдіру, зақымдау, құлдырау деген мағынаны білдіреді. Латын термині «corruptio» екі түбірден құралған сөз: «cor» - жүрек, жан, рух, ал «ruptum» - бүлдіру, бұзу. Демек, «жүректі бүлдіру»
Қытай заңы бойынша парақорлық жасаған адам өлім жазасына кесіледі. ОАР-да сыбайлас жемқорлықты азайту үшін заңдардың көмегімен Үкіметті Парламент алдында есеп беруге міндеттеген. осы арқылы біршама жетістікке жетті.
Қазіргі қоғамда мойындайық жемқорлық ауру секілді әлемде тарап жатыр,көп мемлекеттер осы дерттен айығу үшін бар күшін салып жұмыстануда.
Мойындайық қазір менің елімдегі жемқорлықтың берең алуы күшейіп,тіпті шегі көрінбей жатыр.Адамдар өз күш жігеріне,біліміне сенбей ауырдың астымен,жеңілдің үстімен жүргенге әуес болуда. Жемқорлық бар жерде сапалы білім, жұмыс жүрмейді тіпті елдің дамуы қиындай түседі. Жемқорлықты жеңбеген елдің болашағы қараңғы. Сыбайлас жемқорлықпен күресіп түп тамырымен жойсақ,жемқорлықсыз әлем жүйесін орнатсақ адамдар тек өзіне сеніп, қандай қиын жол болмасын еңсеріп өтуге тырысады. Жемқорлықты көрмей өскен ұрпақ елдің нығайуына бар күш жігерін салып,жұмыстанады. Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ әлемді құтқарады. Болашаққа үлкен сеніммен,үміт сыйлайды. Адамдар қателікті өзгеден емес өзінен іздейтіндей жағдайға жеткізеді. Осылайша мемлекет ішіндегі тыныштықты сақтап,елді қорғай аламыз.
Сыбайлас жемқорлық мүлдем жоқ елдер: Финляндия, Швеция, Жаңа Зеландия. Бұл елдерде қылмыс саны өте аз. ЕҢ БАҚЫТТЫ халық осы елдерде өмір сүреді. Себебі, сол жайлы өмір үшін қоғамның әр азаматы бөлек қызмет етеді.