2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Софиевка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ қызметі туралы ЕСЕП
2022 жылы барлығы 130 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: ЭҮП –67, қағаз түрінде – 63:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау - 1 (қағаз түрінде) |
2. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың көшірмесін беру - 1 (Мемлекеттік корпорация-0, ЭҮП-1)
3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау - 96 ( 58 - ЭҮП, қағаз түрінде - 38) |
4. Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау - 32 (10- ЭҮП, қағаз түрінде - 22) |
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына, сондай-ақ мерзімдерін бұзуға, оның ішінде ХҚКО арқылы және электрондық түрде шағымдар түскен жоқ.
2) Бөлім қызметінде жүргізілген ішкі бақылаумен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері – мониторинг жүргізілген жоқ.
3) Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Мектеп сайты
"Софиевка а. ЖОББМ" КММ-дегі Мемлекеттік қызметтер туралы Стенд, Софиевка ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 35;
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат-жария талқылаулар өткізілді.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылы бөлімде БАҚ және ресми интернет – ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, мемлекеттік корпорация мамандарымен семинарлар өткізу жөніндегі медиа-жоспар бекітілді. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасының барлық параметрлерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- көрсетілетін қызметті алушыларды "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- «Мемлекеттік қызмет көрсету, қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру» мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру.
«Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым-қатынас»
2023 жылы білім беру бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, оның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Мектеп директоры: Жүрқадам Ж.Қ.