Текст
2024 жылғы 22 қарашада «Софиевка ЖОББМ» КММ-де «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» деген тақырыпта дебат өткізілді.
Сайысқа “Найзағай” дебат ұйымының мүшелері белсене қатысып тақырыпты жан жақты аша білді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды сенімді аргументтерді пайдалана отырып позицияны негіздеуге, алынған ақпаратты талдауға тәрбиелеу.
⠀
Американдық форматта өткізілген дебатта 9 “а” сынып оқушылары Есенбек Айжан мен Нұрбайұлы Ордалыхан жеңіске жетті.
⠀
Аталмыш тақырып өзінің өзектілігімен оқушыларға қызықты болды. 9 мен 6-сынып оқушылары парламент мүшелері ретінде қатысып өз пікірлерін білдірді.