Қатысқандар:
«Найзағай» дебат ұйымының жетекшісі Дінислам М., тарих пәні мұғалімі Нұрланова А.Е., ұйым мүшелері (8-11 сынып оқушылары)
Пікірсайыс тақырыбы: «Ұл балалар қыз балаларға қарағанда жоғары үлгерімге ие ме?»
Қатысушылар: Сайысқа үкімет тобына 2 адам (Премьер-министр мен оның орынбасары), оппозиция тобына 2 адам (Оппозиция басшысы мен оның орынбасары) қатысты. 11 «А» сынып оқушысы Әуезхан Арнұр мен 9 «Ә» сынып оқушысы Еркөкше Дәулет «Ұл балалар қыз балаларға қарағанда жоғары үлгерімге ие» деген қарарды жақтаса, 11 «А» сынып оқушысы Нұрланқызы Фатима мен 8 «Ә» сынып оқушысы Лаукелқызы Нұрайым «Қыз балалар ұл балаларға қарағанда жоғары үлгерімге ие» деген қарарды қорғады. Оппозиция тобы «Қыздар ер балаларға қарағанда жоғары үлгерімге ие» деген қарарды қорғап жеңіске жетті.
Сайысқа “Найзағай” дебат ұйымының өзге де мүшелері парламент ретінде белсене қатысып тақырыпты жан жақты аша білді. 8 «ә» сынып оқушылары көрермен ретінде қатысты. Қатысушылар өз дайындықтарының нәтижесінде қызу пікірталас көрсетті.