"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Софиевка отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бопсалау, қорқыту фактілерінің алдын алу 100125

10.01.2025ж. Софиевка мектебінде 8-11 сынып оқушыларына ДТІЖО, құқық пәні мұғалімдері “Құқықбұзушылықтың алдын алу. Бопсалау және оның қылмыстық жауапкершілігі” тақырыбында түсіндірме дәріс өткізді.

Мектеп оқушылары бопсалау, қорқыту, зәбірлеу фактілеріне тап болса немесе оған куәгер болса, мектеп ережелерін бұзса міндетті түрде ересек адамдарға хабарлау керектігі, айыптылапдың жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

Екінші бір тұлғаның өміріне қол сұғу, қорқыту, бопсалау деген құқықбұзушылықтардан аулақ болу керектігі айтылды. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына кәмелет жасқа толмаған адамдардың құқықтары туралы, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының Бала құқықтары туралы Заңы бойынша біршама ақпараттар айтылды. Ұсақ бұзақылықтар, түнгі уақытта тыныштықты бұзу, алкогольдік ішімдіктерді, уытты заттарды қолдану, вандализм, бопсалау және т.б. әрекеттердің соңы неге апаратыны түсіндірілді.


Текст