Конституцияның 1-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Автомобиль көлігі саласындағы қызметі адамдар қауiпсiздiгiнiң,
олардың өмiрi мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты және мәдени
құндылықтарды қорғаудың басымдығы қағидаты негізінде жүзеге
асырылады («Автомобиль көлігі туралы» Заңның 4-бабы).
Өз кезегінде, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кәмелетке
толмағандардың құқықтарын қорғаудың басым бағыты болып табылады.
2021 жылы еліміздің түрлі өңірлерінде мектеп оқушыларын
тасымалдайтын автобустардың өртенуі орын алды және адам өміріне қауіп
төнді.
Балаларды білім беру объектілеріне және кері қарай үйге тасымалдау
кезіндегі олардың қауіпсіздігі, ең алдымен, автокөлік құралдарының
техникалық жай-күйіне, сондай-ақ осы көлік құралдарын басқаратын
жүргізушілердің денсаулық жағдайы мен дағдыларына байланысты.
«Автомобиль көлiгi туралы» Заңның 1-бабына сәйкес, автобус –
сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлiгі құралы болса, ал шағын
автобус - отыратын орны он алтыдан аспайтын ерекше шағын сыныптағы
автобус.
Бұдан басқа, «Жол жүрісі туралы» Заңның 73-бабына сәйкес, Қазақстан
Республикасында көлік құралдарының оларды басқаруға арнайы құқық
берілетін санаттары мен оларға кіретін кіші санаттары белгіленеді: «D»
санаты – жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан
басқа, отыратын орындарының саны сегізден асатын автомобильдер; рұқсат
етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме
тіркелген «D» санатындағы автомобильдер.
Ал, «D1» кіші санаты – жолаушыларды тасымалдауға арналған және
жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден асатын,
бірақ он алтыдан аспайтын автомобильдер, рұқсат етілген ең жоғары массасы