Текст
“Софиевка ЖОББМ” КММ-де «Шет елде білім алу керек пе?» тақырыбында дебат өтті.
Пікірсайыста 8 “Ә” сынып оқушылары Сакенова Аружан мен Сырғабай Елжас «Шет елден білім алу ел болашағы үшін өте маңызды» деген қарарды жақтаса, 8 «А» сынып оқушысы Есенбек Айжан мен 8 «Ә» сынып оқушысы Шуленбаева Арайлым «Шет елде білім алу қажеттілік емес» деген қарарды қорғады. Дебат ойыны нәтижесінде оппозиция тобы (8 «А» сынып оқушысы Есенбек Айжан мен 8 «Ә» сынып оқушысы Шуленбаева Арайлым) жеңіске жетті.
Сайысқа “Найзағай” дебат ұйымының өзге де мүшелері парламент ретінде белсене қатысып тақырыпты жан жақты аша білді. 5 “А” сынып оқушысы Мухамед Дарын “Үздік парламент мүшесі” атағына ие болды