"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Софиевка отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қазақстандағы IT-дің болашағы бар ма?"

Қатысқандар:

«Найзағай» дебат ұйымының жетекшісі Дінислам М., информатика пәні мұғалімі Сарин Е., Ескермес Т., ұйым мүшелері (8-11 сынып оқушылары)

Пікірсайыс тақырыбы: «Қазақстандағы IT-дің болашағы бар ма?»

Қатысушылар: Сайысқа үкімет тобына 2 адам (Премьер-министр мен оның орынбасары), оппозиция тобына 2 адам (Оппозиция басшысы мен оның орынбасары) қатысты. 9 «Ә» сынып оқушылары Лаукелқызы Нұрайым мен Сираш Мадина «Қазақстандағы IT-дің болашағы бар» деген қарарды жақтаса, 9 «А» сынып оқушысы Серікбаева Зере мен Мешітбай Нұрай «Қазақстандағы IT-дің болашағы жоқ» деген қарарды қорғады. Үкімет тобы «Қазақстандағы IT-дің болашағы бар» деген қарарды қорғап жеңіске жетті.

Сайысқа “Найзағай” дебат ұйымының өзге де мүшелері парламент ретінде белсене қатысып тақырыпты жан жақты аша білді. 9 «ә» сынып оқушылары көрермен ретінде қатысты. Қатысушылар өз дайындықтарының нәтижесінде қызу пікірталас көрсетті.

Дебаттық қозғалыстың мақсаты: қоғамда орын алатын мәселелерді жариялы талқылау және талдау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру.

Дебаттық қозғалыстың міндеттері:

білім алушылардың бойында құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлау, даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін қалыптастыру;

дебаттық қозғaлысты насихаттау, қолдау және дамыту.

 


Текст