2022 жылдың 22 қыркүйек күні "Софиевка ауылының ЖОББМ" КММ-сінде өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауы өтті. Мақсаты: оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны анықтау болып табылады. Сайлау қорытындысы бойынша 250 оқушы дауыс берді. Сайлауға қатысқан үміткерлердің жинаған дауыс саны:
І орын-132 дауыспен Сетей Гүлжан мектебіміздің президенті болып сайланды.
ІІ орын-85 дауыспен Абылай Ислам құқық және тәртіп министрі болып сайланды.
ІІІ орын- 33 дауыспен Серикбаева Зере ақпарат министрі болып сайланды.