Текст
Қатысқандар:
«Найзағай» дебат ұйымының жетекшісі Дінислам М., ағылшын тілі пәні мұғалімі Курмангалеева Г.С., қазақ тілі мұғалімі Рахадыл Т. ұйым мүшелері (8-11 сынып оқушылары)
Пікірсайыс тақырыбы: «Үш тілде білім беру қажеттілігі бар ма?»
Қатысушылар: Сайысқа үкімет тобына 2 адам (Премьер-министр мен оның орынбасары), оппозиция тобына 2 адам (Оппозиция басшысы мен оның орынбасары) қатысты. 11 сынып оқушысы Нұрланқызы Фатима мен 10 «А» сынып оқушысы Ермек Ерасыл «Үш тілде білім беру қажеттілігі бар» деген қарарды жақтаса, 11 сынып оқушысы Ауезхан Арнұр мен 8 «Ә» сынып оқушысы Лаукелқызы Нұрайым «Үш тілде білім беру қажеттілігі жоқ» деген қарарды қорғады. Үкімет тобы жеңіске жетті.