Мектебімізде Ақмола облысының білім басқармасының әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімінің ұсынысымен 8-9 сынып оқушылары арасында 15 оқушыдан құралған психологиялық клуб үйірмесі ашылды. Клуб мақсаты- өзіне және басқа адамдарға деген оң көзқарасты қалыптастыру; өзінің оқу іс-әрекетіне ой жүгіртуге, қиындықтарға тап болған кезде өз мәселелерін, жеке басының ерекшеліктерін түсінуге, оларды жеңуге үйрену; өзін -өзі дамыту қажеттілігін арттыру. Клуб жұмысы аясында оқушылар ант қабылдап, мантия кигізіліп, сертификаттармен марапатталды және де оқушылар әртүрлі тақырыпты ортаға тастап, ой бөлісіп ары қарай психологиялық тренингпен жалғасты. Клуб жетекшісі: педагог-психолог: Әскербекқызы Қызғалдақ