Текст
2022 жылғы 1 қыркүйекте Софиевка ауылы мектебінде Білім күніне орай алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Осы жылы салтанатты жиынға 1-11 сынып оқушылары түгел қатысты.
Атаулы мерекеде оқушыларды мектеп директоры, ауыл әкімі, жеке кәсіпкерлер құттықтады, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
«Балалар жылы» аясында «Мектепке жол» акциясы бойынша мектеп оқушыларына қаржылай көмектескен жеке кәсіпкерлерге мектеп әкімшілігі алғыс хаттар табыстады.
Жиында 1-сынып оқушыларына «Әліппе», «Букварь» оқулықтары табысталды. Әсем әндер шырқалып салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті.