Софиевка - Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, Софиевка ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақмол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 63 км-дей, Нұр-Сұлтан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде, Сілеті өзенінің жағалауында орналасқан.
Халқы
Тұрғыны:
Тарихы
1899 жылы құрылған «Софиевское» көшіп-қону аумағы 1901 жылы ауыл қауымдастығының қаулысымен Софиевский ауылы болып қайта атауы өзгерді. 1920-36 жж. Қазақстанның әкімшілік – аумақтық бөліну анықтамасына сәйкес 1921 жылы Софиевкалық болысы Софиевское ауылының орталығы Ақмола губерниясының Ақмола уезінің құрамына кірген.
1923 жылы біршама уездері ірілендіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Софиевкалық болысы жойылып, ал оның аумағы Ақмола уездінің Революция болысына қосылды. 1929 жылы Софиевка ауылдық кеңесіндегі Антоновка ауылында «Октябрь» колхозы құрылады. Кейін 1965 жылы колхоздарды ұжымдастырудың нәтижесінде бидай шаруашылығын болды.
Софиевка ауылдық округіне Миновка және Софиевка ауылдары қарайды. Округ жерінен Астана-Ерейментау автокөлік жолы өтеді.