Текст
Тақырыбы: "Баланы адам қылып тәрбиелеу"
Арсабаева Гүлнұр Данабековна 4"А" сынып оқушыларының ата-аналарымен "Баланы адам қылып тәрбиелеу" атты тақырыпта әңгіме- тренинг жиынын өткізді.
Бұл жиында ортаға әртүрлі проблемалық сұрақтар тасталды. Сол сұрақтарды әр команда флипчардтармен қорғап,өз ойларын жоғары деңгейде жеткізе білді. Келешек ұрпақ тәрбиесінде үздіксіз ата-ана мен мектеп тығыз байланысу арқылы жүзеге асыру керек екендігін айта отырып, әр аналардың жеке пікірін де тыңдады.
Жиын өте көңілді және пайдалы кеңестерге толы болды.