"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Софиевка отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тренинг "Мамандық таңдауда қателеспе"

Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Күтілетін нәтиже: тренинг соңында оқушылар мамандық таңдау кезінде нақты шешім қабылдауы. Өзіне лайықты, ұнайтын мамандық таңдап, сол мамандықтың қыр – сырын ұғынуы, ең бастысы қателеспеудің жолын таңдау керек.
Көрнекілігі: инербелсендітақта, ватман, маркер, жекелеген карточкалар.
Жоспары:
1. Кіріспе сөз.
2. «Кел, танысайық!» тренингі.
3. «Меніңбелгім» анкета толтыру, таныстыру.
4. «Мамандықты тап» ойыны.
5. «Бос микрофон» (рефлексия).
6. Қорытынды.
Барысы:
1. Кіріспесөз:
Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыталу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата – анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін – өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен кейде қателесетін жағдайлар жиі кездеседі. Жалпы айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін – өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыталуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Яғни, мамандық таңдауда оқушыға өз ақыл - ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін психолог маманның да көмегі керек. Сондықтан бүгін «Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?» атты тақырыпта тренинг – сабағын ұйымдастырып отырмын.
2. «Кел, танысайық!» тренингі. Қатысушылар өзі туралы айтады. Мәселен, «Мен – Айнұр, педагогпын. Сыпайымын, әдептімін, сымбаттымын» деп таныстырады.
3. «Менің белгім» анкета толтыру, таныстыру. Ата - ана мен бала біріге отырып, мынадай 3 сұраққа жауап жазады (сөзбен, суретарқылы):
1. Менің отбасым
2. Менің жақсы мінезім, жағымсыз мінезім
3. Менің мамандығым
4. «Мамандықты тап» ойыны. Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
Дәрігер
Фабрика басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Сварщик
5. «Бос микрофон» (рефлексия). Қатысушылар тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
6. Қорытынды:
Ж.Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманыжоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұлжай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау..Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоя отырып, жауап таба білу керек. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
Осымен бүгінгі тренинг – сабағымыз өз шегіне жетті, қатысқандарыңызға, тыңдағандарыңызға, рахмет!

 

Джон Голланд сауалнамасы

 

Реалистік тип

 

Эмоциясы тұрақты, нақты жағдайларға бағытталған, нақты объектілермен айналысатын құралдар, машиналар, қимыл-қозғалыс шапшаңдығын нақтылықты талап ететін істермен айналысуды жөн көреді. мынадай мамандықтар ұсынылады: механик, электрик, инженер, агроном

Интеллектуалдық тип

 

Тәуелсіз, оринаналды абстрактылі ойлауды қажет ететін тапсырмаларды шешуді ұнатады. Интелектуалды теориялық құндылықтарға бай. Вербалды емес, вербалды қабілеттері үйлесімді дамыған. Ғылыми мамандықтар ұсынылады: ботаник, астроном, физик, математик

Әлеуметтік тип

 

әлеуметтік іскерліктерге ие, қарым-қатынасты қажет етеді, мінез бітістері: үйретуге, тәрбиелеуге ұмтылыс, адамға деген психологиялық бағытталудыңболуы, нәзік. Бұл типтің өкілі- интеллектуалдық мәселелерден шеттте жүруге тырысады, белсенді, бірақ көп жайдайда топ адамдарының пікірлеріне тәуелді. Мәселелерді қарым-қатынасқа түсе білуіне сезімі мен эмоциясына сүйене отырып шешеді. Жақсы вербалдық қасиеттерге ие. Ұсынылатын істер: оқыту және емдеу

Конвенциалдық тип

 

Нақты құрылған істерді қалайды. Мінез-құлқы нақты әрекетті ерекше танытпайды. Іс-әрекетке тәуелді, іс-әрекеттің ауысуын қаламайды. Ұйымадстырушылық қабілеті нашар дамыған. Математикалық қабілетке ие, ұсынылатын мамандықтар: концелярия, есептеу жұмыстары

Іскер тип

Бұл тип өкілі импульсивтілікті, энергияны көртесуді мақсат ететін мақсаттарды таңдайды. Түрлі оқиғаларды басқаруды жақсы көреді. практикалық жұмыс ұнамайды. Сонымен қатар интеллектуады күш-қуатты талап ететін істер ұнамайды. Басшылықпен, статуспен, билікпен байланысты міндеттерді жақсы шешеді. Агрессивті, вербалды қасиеттерге ие. Келесі іс-әрекеттерді жақсы атқарады: журналист, артист, телеоператор, меңгеруші, директор, дипломат ..

Артистік тип

 

Интуацияға, қиялға, эмоцияға сүйенеді. Өнерге деген күрделі көзқарасқа ие, шешімін қабылдауға тәуелсіз. Қимыл-қозғалыс және вербалды қабілеттері өте жоғары дамыған. Бұл тип творчестволық істерді жөн көреді. : музыка, сурет салу, әдеби шығармашылық, т.с.с

 

            Ұсыныс: мамандық қабылдамаған оқушыларды қандай мамандық таңдауға ниеті бар, қызығушылығын оятып , оқушыларға бағыт бағдар беру.

 

                               

 

 

Софиевка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебінде  9 «А» оқушыларымен «Мамандық таңдауда қателес пе» тақырыбында тренинг өтті.

 

 

Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Күтілетін нәтиже: тренинг соңында оқушылар мамандық таңдау кезінде нақты шешім қабылдауы. Өзіне лайықты, ұнайтын мамандық таңдап, сол мамандықтың қыр - сырын ұғынуы, ең бастысы қателеспеудің жолын таңдау керек.
Жүргізілген әдістеме: Жеке тұлғаның типтік ерекшелігі Джон Голланд әдісі

Мақсаты: Жеке тұлғаның мінез-құлықтық типін анықтау

Нұсқау: Тиісті оқу бітіргеннен кейін сіз кез-келген мамандық бойынша қызмет атқара аласыз делік. Дегенмен сіз екі мүмкіндіктің бірін таңдағанда қайсысын таңдап алар едіңіз? Тіркеу қағазына өзіңіз таңдаған жауапты белгілеңіз.

 

Қатысқандар: 25 оқушы

Қорытынды:

1.Реалистік тип:  Азыканов Мақсат

2.Интеллектуалдық тип : Төретаева С, Құрманай Ж,  Мұхаметқали А, Нағашыбаев  Е

3.Әлеуметтік тип:   Уалихан Т, Жақсылыкова А, Джумабаев Т, Алдекенова М, Мыңжасаров Н

4.Конвенциялық тип:

5.Тапқыр тип:  Билялов А, Алдаберген А,

6.Артистік тип: Кеңес Қ


Текст