14.12.2023ж. «Софиевка ЖОББМ» КММ-де 8 «А» сыныбының ата-аналарына жиналыс-тренинг өтті. Қатысқандар: 8 «А» сыныбы ата-аналары, ДТІЖО, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері.Тақырыбы: «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Бала жүрегіне жол табу». Мақсаты:
1. ата-аналарды педагогикалық қолдау
2. сыныптағы психологиялық ахуалды реттеу
3. оқушы-ата-ана-мұғалім үшітігін берік ету
4. сыныптағы регрессивті мінез-құлықтың алдын алу.
Күн тәртібі:
1. Сыныптағы оқушылардың үлгерімі мен тәртібі туралы
2. Пән мұғалімдерінің пікірлері
3. Мүшел жас. Жасөспірімнің жастық дағдарыстары, олардың көріністерінен шығу жолдары
2. Ата-аналар мен балалардың ортақ мүдделері – олардың өзара түсіністігінің негізі
3. Жасөспіріммен қалай қарым-қатынас жасау керек, конструктивті келіссөздер
4. Бір күндік ұрыстын қырық күндік қырсығы бар. Жанжал және оларды шешу жолдары
5. Ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты сақтаудың шарты - кешіре білу
6. Сұрақ-жауап, әр түрлі сұрақтар
Ата-аналарға арнайы жағдаяттық сұрақтар қойылып, психологиялық ойындар ойнатылды. Ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды, ұстаздар тарапынан ұсыныс-тілектер айтылды.