Текст
2025 жылғы 25 сәуірде “Софиевка ЖОББМ” КММ-де өрт қаупі орын алған жағдайда жедел әрекет ету бойынша инструктаж өткізілді. Мектеп оқушылары алдын ала дайындық жұмыстарының нәтижесінде 3 минут ішінде мектеп ғимаратынан толық шығып үлгерді.
Іс-шараға мектеп директоры, ұстаздар, әскери дайындық мұғалімі, өрт сөндіру қызметі мамандары қатысты.