Ақмола облысы Целиноград ауданы Софиевка ауылы 21- орта мектебінің 10-сынып оқушысы Универқызы Айым қаңтар айының 23-24-жұлдызында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9-11-сынып оқушылары арасында өткізілген ІІІ Республикалық "Абайтану"олимпиадасына қатысып, республика көлемінде жүлделі І орынды иеленді.
Бірінші кезеңде берілген критерийлер бойынша 120 минут ішінде "Дүние де өзі,мал да өзі,ғылымға көңіл бөлсеңіз" тақырыбына эссе жазды.
Олимпиаданың екінші кезеңінде ұяшықты таңдай отырып,берілген үш сұрақтың екеуіне ауызша жауап беріп,үшінші тапсырмасына морфологиялық талдау жасау қажет.
Онлайн режимде өткізілген олимпиада тапсырмаларын өте жақсы деңгейде орындап,жоғары нәтижеге қол жеткізді.Айымға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып,білім шыңынан көрінуге тілектеспіз!