Текст
"Менің сүйікті жануарым" облыстық байқауына мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары қатысқан болатын. Солардың ішінде 1"А" сынып оқушысы Аника Каппасова II орынды иеленді. Кішкентай жеңімпазымызға құтты болсын дейміз!!!
Байқаудың мақсаты: қоршаған орта мен үй жануарларына мейірімділікпен қарап, оларды қорғау жауапкершілігін қалыптастыру.
Байқаудың ұйымдастырушысы – өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы.
Байқау шарттары: Әр қатысушы өз сүйікті үй жануарының ерекше, креативті қабілеттерін таныстыра отыра, бейнеролик түсіріп жіберу қажет. Бейнероликтің ұзақтығы – 3 минутқа дейін.