Текст
Мектеп қабырғасында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Орта буынның 22 оқушысы «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Білімпаздарға еліміздің байрағы түстес көк галстуктер мен арнайы төсбелгілер тағылды. Сондай-ақ, бастауыштан 75 оқушы "Жас Қыран" ұйымына қабылданды. Саналы ғұмырын білім беру жолына арнап келе жатқан мектеп директоры Жексенби Қадырұлы жаңа ұйым мүшелеріне ақ тілігін жаудырды. Сөз соңын: "Беріліп жатқан атаққа лайықты болыңдар", - деп, түйіндеді.