Софиевка мектебінде "Армысың, Әз-Наурыз!" мерекелік концерт ұйымдастырылды. Онлайн қойылымға мұғалімдер мен оқушылар қатысты.
Наурыз мерекесі – көрісу мерекесі. Ел-жұрттың бір-бірімен амандасып, құшақ жаятын күн. Осы ретте, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әли Қойшыман "Ассаламалейкум" әнімен көпшілікпен амандасып, концерттік бағдарламаның шымылдығын түрді. 5"Ә" сынып оқушылары Аяжан мен Аружан Сәкеновалар және 1"Б" сыныбының оқушысы Аяна Махсат биден шашу шашты. 11"А" сыныбының оқушысы Дастан Бейсембаев домбыра үнінің құдіретін танытып, күй шертті. 2"А" сыныбының оқушысы Кәусәр Әлпіләмқызы Наурыз көженің дайындалу әдісін көрсетті. Ералы Еділбекұлы мен Айару Шархан "Айтыс" өнерінен үзінді қойды. Алтынай Акманова 8"А", Аяулым Манжанова 9"А", Мейірбан Бақытнұр 5"А", Жансұлу Иманбай 5"А", Айгерім Жайлауова 10 "А", Айлана Илюбаева 1"Б" мерекеге лайықты әндерді орындады. Тәрбие ісінің меңгерушісі Қызғалдақ Әскербек "Көзіңнің мөлдірін-ай" әнімен концертті түйіндеді. Концерт үш бөлімнен тұрды және Наурыз мерекесі қарсаңында Софиевка ауылының әлеуметтік желілеріне үш күн бойы таратылды. Онлайн концертті тамашалаған желі қолданушылары өнерпаздарды қолдап, оң пікірлерін білдіріп жатты.