"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Софиевка отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушылардың қауіпсіздігі – маңызды мәселе

07.04.2021

    Оқушылардың қауіпсіздігі – маңызды мәселе. Осы орайда,  Целиноград ауданының  кәмелеттік  жасқа толмағандар ісі бойынша аға инспекторы Асанбаев  Ерік Игілікұлы  мектеп оқушылары және ата-аналармен  қауіпсіздік негізінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ең бірінші жол жүру ережесін естен шығармау керектігін ескертті.  Одан кейін түнгі 10-нан кейін үйде отыру немесе үлкендердің сүйемелдеуінсіз жүрмеу заңмен бекітілген ереже екенін түсіндірді. Мұндай тәртіпке бағынбау  неге әкеп соғады?  Ол туралы инспектор  қоғамда болған түрлі оқиғаны  мысал  ретінде айтып берді. Сондай-ақ, ережелерді ескермеген жағдайда салынатын айыппұл мөлшері де  аз емес екен. Тәртіп сақшысы мұнан өзге,  қашықтықта оқып жатқан оқушылардың синхрондық платформалармен мұғалімдердің сабақтарына тұрақты қатысып отыру жайын сөз етті. Егер негізсіз сабақ қатыспаған жағдайда, бұл ұстазға деген құрметсіздік болып саналады. Ал, бұл жағдайда  "Педагог мәртебесі жайлы" заңға сәйкес, 30 АЕК мөлшерінде ата-анасына айыппұл салынады.

Просмотров: 363


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст