25.02.2025ж. “Софиевка ЖОББМ” КММ-де Целиноград ауданы ІІБ криминалдық бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны Балабеков Мерген Сапарбекұлы, кәмелетке толмағандар ісі бойынша учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ермек Серікпен бірлескен профилактикалық жиналыс өтті.
Күн тәртібі:
1. Оқушылар арасындағы буллингтің, құқықбұзушылықтың алдын алу.
2. Экстремизм мен теріс бағыттармен күрес, жүргіншінің жол ережесі.
3. Мектеп оқушысының мектеп тәртібіне бағынуы, сабаққа қатысуы, мұғалімдермен, оқушылармен қарым-қатынасы.
4. Интернеттегі алаяқтық, кибербуллинг.
5. Оқушылар арасындағы сыйластық, сөз мәдениеті.
6. Жасөспірімдер арасындағы темекі шегу, нашақорлық, уытқұмарлық және маскүнемдіктің алдын алу.
7. Тәртіп бұзған оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.