Ақмола облысы бойынша 2021/2022 жаңа оқу жылында бүлдіршіндерді 1- сыныпқа қабылдау енді бірыңғай электронды жүйе арқылы жүргізіліп жатыр. Ата-ана баланың құжаттарын eGov.kz электронды үкіметі мен akmol.kz WEB порталы арқылы тапсыра алады. Қажетті құжаттар тізімі:
1. Ата-анасының біреуінің немесе басқа заңды өкілдерінің электрондық өтініші;
2. "Бала денсаулығы туралы паспорттың" № 063 / у нысанындағы және № 026 / у-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;
Бұдан өзге құжаттарды талап етуге қызметкердің құқығы жоқ. Мұндай жағдайда дереу Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменттің байланыс нөмірлеріне хабарласу қажет.
Құжаттар 1 cәуірден 1 тамызға дейін қабылданады. 1-сыныпқа қабылданатын оқушы жаңа оқу маусымына дейін толық 6 жасқа толуы тиіс.