Текст
Экологиялық апталықтың аясында мектеп аумағын тазалау бойынша сенбілік өтті. Айналаны көктемгі қоқыстан арылту жұмыстарына мектеп ұжымы белсенді қатысты. Сенбілік барысында күзден қалған қураған жапырақтар аумақтан шығарылды. Ауладағы теректер және жеміс ағаштарының түптері әктелді. Сирень ағаштарының басына біркелкі қырқу жұмыстары жүргізілді. Гүлзарға арналған орындар дұрысталды. Қоршаулар сырланды.