Мектебімізде мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де ең маңызды мерекелердің бірі – соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы өтті. Санитарлық талаптарды сақтай отыра, соңғы қоңырау мектеп ауласында тек 9,11 сынып оқушылары үшін өтті. Ал штаттық жағдайдағы өзге сыныптар үшін кабинеттерде ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қашықтықтан оқыған оқушылар үшін онлайн форматта жүргізілді.
Мектеп ауласында өткен іс-шара 30 минутқа созылды. Оқушылар қашықтық сақтап, сап құрды. Бетперде кию де міндеттелді.
Биыл 11-сыныпты 20 оқушы бітірді. 9-сыныпты 45 оқушы аяқтады. Сөз алған мектеп директоры оқушыларға сәт сапар тілеп, құттықтау сөз сөйледі. Мектеп түлектері де мұғалімдерге алғыс сөздерін жолдады. Дәстүрге сай қоштасу вальсін биледі. Соңында соңғы қоңырау сыңғырлады.