09.06.2021
Жазғы демалыс мезгілінде оқушыларды еңбекке баулу мектепішілік жоспар құрылымында бар. Осыған орай, 4-8 сынып оқушылары жазғы практикаға кезектесіп шығып жатыр. Практика кезінде балалар мектеп ауласында жұмыс істейді: гүлдер мен көкөністерді суарады; арам шөптерді жұлады; мектеп аумағын тазалайды. Мерзімі: 26 мамырдан 31 тамызға дейін. Бекітілген кестеге сай, әр сыныптың шығатын күндері көрсетілген. Сынып жетекшілер уақытын өзі жоспарлайды. Бір күндік жұмыстың ұзақтығы — 2 сағат. Әр сынып 6 күн жұмыс істейді. Жексенбілік күн — демалыс. Сондай-ақ, практикаға 10- сынып оқушылары да шығады. Олар мектеп ішінде жөндеу жұмыстарына қатысады.