16.06.2021
Мектебімізде көптен күткен аттестат табыстау рәсімі өтті. Іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Тәуелсіздік ұландары» деп аталды. Биыл 11 сыныпты 20 оқушы бітірді. Оның ішінде екі оқушы — Мұратқазиева Эделя мен Ерғали Рауан алтын белгіге ие болды. Іс-шара кезінде «Алтын белгі», «Өнерлі өрендер», «Спорт үздіктері» және «Мектеп белсенділері» аталымдары бойынша мектеп директоры, ауыл әкімі мен оқу ісінің меңгерушілері аттестат пен мақтау грамоталарын табыстады.