23.06.2021
Биылғы оқу жылын тәмәмдаған бастауыш сынып оқушылары мектеп жанынан ашылған "Достық" лагерінде уақытын тиімді өткізуде. Карантин ережелеріне сай лагерь жұмысын таңғы 10.00-де бастап, түскі 13.00-де аяқтайды. Жазғы лагердің басты мақсаты балалардың денсаулығын нығайту, шығармашылығын дамыту, жеке қабілеттерін дамыту болып табылады. Күн тәртібіне сай күнделікті әр түрлі ойындар мен әдіс-тәсілдер арқылы балалардың санасын тәрбиешілер мен тәлімгерлер қияға жетеледі. 20 баладан құралған алғашқы лек шәкірттеріне үш тілде өткізілген ойын сабақтар, әр түрлі қолөнер жұмыстары, әсіресе рөлдік ойындар мен қазына іздеген сәттері ерекше есте қалды. Жазғы лагерде балалар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Алғашқы лектің қызықты өткені соншалық, кей шәкірттер екінші лекке тағы қатысуда. Екінші лектің аяқталу мерзімі 28 маусым.