07.07.2021
COVID-19 індетіне қарсы екпе алу бойынша мектебімізде бірнеше рет үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген болатын. Елімізде және көрші мемлекеттерде дайындалған препараттардың маңызын түсінген мектеп ұжымы белсенді түрде екпе салдырып жатыр. Білім ошағында 54 педагогикалық қызметкер бар. Солардың 43-і екпе алды. 4 мұғалім медициналық анықтама негізінде кейінге қалдырылды. Сондай-ақ, 18 техникалық персоналдың 16-ы екпе салғызды. Жалпы екпе алғандардың саны — 59 адам.