Текст
Ақмола облысы Целиноград ауданы Софиевка ауылы КММ жалпы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылында , Жабай ауылынан 13 оқушы қатынап оқиды. Софиевка ауылы мектебі мен Жабай ауылы арақашықтығы барып-келуі 42 км. Оқушылар таңертеңгі I ауысымда оқиды. Оқушыларды тасымалдайтын газель жылы, санитарлық жағдайы қалыпты, дыбыстық сигнал, «Абайлаңыз, балалар! » жол белгісі қойылған, жыпылықтайтын маяктар орнатылған. Оқушылар сабаққа уақытылы келіп, сабақ аяқталғанда кетеді.