Текст
Іс-шараның мақсаты - оушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету, ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу, оқушыларды тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, шеберлікке үйрету, оқушылар арасында бәсекелестікке қабілеттілікті дамыту.
Іс-шара карантин талаптарына сай өткізілді.
28 қазанда 7-8 сыныптар аралығында өткізілген “Алтын күз-2021” кешінде 8 “Ә” сыныбы жеңіске жетіп, Шырынхан Жандос пен Қасымова Сабрина “Күз ханзадасы мен ханшайымы” атанды.
29 қазанда 9-11 сыныптар аралығында өткізілген “Алтын күз-2021” кешінде 11 ”А” сыныбы жеңіске жетіп, Сапар Жасұлан мен Универ Айым “Күз ханзадасы мен ханшайымы” атанды.