Текст
Жарысқа Софиевка, Қоянды-1, Қоянды-2, Қосшы-2 мектептері қатысты. Мақсаты - мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, баскетбол ойынын насихаттау, ойынға қызығушылықтарын арттыру, баскетболдың техникасы мен тактикасын жетілдіру, мектеп оқушыларын салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Бірінші орынды Қосшы-2 мектебі, 2-орынды Софиевка мектебі алса, жүлделі үшінші орынды Қоянды-1 мектебі иеленді.
Жарыс тартысты әрі жоғары деңгейде өткізілді.