17.01.2022
Каникулдық іс-шаралардың мақсаты - барынша уақытты тиімді қамтамасыз ету, олармен жеке тәрбие-профилактикалық, түзету жұмыстарын жүргізу, ұжымдық іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету.
Жұмысты қашықтықтан ұйымдастыру форматы да өзекті болды.
Барлық каникул іс-шараларын өткізу оқушылар үшін барынша қауіпсіз орта құруға негізделді.
Сынып жетекшілері ата-аналармен онлайн - жиналыстар өткізді және оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне кепілдік беретін қолхат жазды.
«Көңілді аққала» қар фигураларының отбасылық байқауында балалар демалыс уақытын таза ауада өткізіп, ата-аналарымен қардан аққала жасады.
«Жаңа жыл – отбасылық мереке» фотоколлаж байқауын ұйымдастырды. Жаңа жылдық дастарханда отбасымен естелік суреттер жасады.
Барлық іс-шаралар карантин талаптарына сай, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шығармашылық, шеберлік сыныптары, отбасылық, эстетикалық, сәндік-қолданбалы шығармашылық бағыттары бойынша жүргізілді.