Текст
Сайысқа “Найзағай” дебат ұйымының мүшелері белсене қатысып тақырыпты жан жақты аша білді. Қарарды қолдаушы топ Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени жетістіктерін жинақтаса, қарсы топ ел дамуындағы кемшіліктерді тізбектеді. Қатысушылар өз дайындықтарының нәтижесінде қызу пікірталас көрсетті.
⠀
Американдық форматта өткізілген дебатта Еркөкше Дәулет пен Рахадыл Әлия жеңіске жетті.
⠀
Аталмыш тақырып өзінің өзектілігімен оқушыларға қызықты болды. Мектептің жас дебатерлары өз позицияларын лайықты қорғай алды.