Текст
«Софиевка ЖОББМ» КММ-де 24.01.2022-01.02.2022ж. аралығында Ауғанстаннан Кеңес Одағы әскерінің шығарылғанына 33 жыл толуына арналған іс-шаралар өтті. Оқушыларға ауған соғысы жауынгерлерінің батырлық болмысы дәріптелді.
Іс-шаралар барысында оқушылар ауған соғысы туралы деректі фильммен танысып, әскери сайыстарға қатысып, батырлыққа қатысты өлең-жыр оқып ұлт қаһармандарының ерлік істері, өмір туралы әңгімеледі және үлгі-өнеге тұтты.