Текст
"Софиевка ЖОББМ" КММ өзін өзі басқару ұйымының "Спорт және салауатты өмір салты" фракция министрлері 22 ақпан күні "Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!" жобасы аясында 5 сыныптар арасында "Көңілді мәре" эстафетасын ұйымдастырды. Эстафетаға 3 команда қатысып, белсенділік танытты. Жеңіске 5 "Ә" сыныбынан құралған "Барыс-1" командасы жетті. Екінші орынды 5 "А" сыныбынан құралған команда иеленсе, 5 "Б" сыныбынан құралған команда үшінші орынды қанағат тұтты.