2019- жаңа жылды қарсы алу «жасыл шырша» мерекесі біздің Софиевка №21 орта мектебінде желтоқсанның 27,28 күндері барлығы 5 бөлім бойынша белгіленген жоспар бойынша өткізілді. Ен әуелі мектептің бұйрығына сәйкес әрбір бөлімге кезекшіліктер тағайындалды.27.12.18 күні сағат 13.00 де бастауышта 0-4 орыс сыныптарының жаңа жылдық мереке тойланды. Дайындықтары жақсы белгіленген жоспарға сәйкес оқушыларды толық қамтыған ,ата-аналардың көңілінен шыққан іс-шара болды.
27 .12.18 сағат 15.00 де бастауышта 0-4 қазақ сыныптарының жасыл шырша мерекесі жалғастырылды. Өз деңгейінде жақсы дайындықпен өткізілінді. Келесі 28.12.18 күні үш бөлімнің жаңа жылдық мерекелері тойланды. Таңертең сағат 10.00 де 0 «А»,0 «Ә» сыныптары, сағат14.00 де 5-7 сыныптарда болса кешкілік сағат18.00 де қортынды 8-11 сыныптардың жаңа жылдық кештері тойланып қортындыланды. Онда жаңа жылдық мүсіндерді жақсы жасаған