Софиевка №21 орта мектебінде 2019 жылы қаңтардың 14 күні жаратылыстану пән бірлестігінің апталығының ашылуы болды. Апталық 01.14-01.25 дейін жалғасады.Ашылуы жалпы оқушылардың жиынында мектеп басшысының қатысуымен және пән бірлестігінің жетекшісі Ержан .Е дың кіріспе сөзімен басталды. Физика, химия, математика, география ,информатика пәндеріне байланысты жаңалық мағлұматтар айтылып ,шығарылған қабырға газеттердегі оқушыларға арналған бөлімдердегі шығармашылық мазмұнды материалдарға барлық сыныптардың белсенді араласуын шақырды. Апталықта барлық пән мұғалімдері жоспар бойынша бірден ашық сабақтар, кейбірі сыныптан тыс жұмыстарда жүргізетіні хабарланылды. Осылайша мектебімізде тағы да бір апталықтың ашылуы болғанын хабарлаймыз.