"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Софиевка отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Соңғы қоңырау жоғарғы сыныптар

28.05.2019

Время:35 мин

Песня: «Мектеп вальсі» Әскербек Қ

Фанфары

Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қоңақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,

 Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа

Қош келдің, айналайын, халқым менің!
Ведущий:Добрый день,  уважаемые родители и гости, учителя и учащиеся!

Хороший, погожий, конечно,

Нам выдался этот денек.

У школы сегодня премьера –

У школы сегодня – «Последний звонок»!

Жүргізуші: Қиындығы мен қызығы мол тағы да бір оқу жылы артта қалды, алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны. Баршанызды оқу жылының аяқталуымен «Соңғы қоңырау» атты, түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз!

Егерде мақтануға болса лайық,

Үлгілі шәкірттермен мақтанайық!

Ұшыруға ұясынан түлектерді,

Төріне мектебіміздің шақырайық!

Қол соғып, құрметпенен біз оларды,

Ақ ниет, адалдықпен қарсы алайық!

Ведущий: Совсем скоро прозвенит звонок, который даст старт самой веселой и самой беззаботной поре всей ребятни – лете, а вот для выпускников – это будет последний в их школьной жизни звонок.

Опять весна на белом свете,

На школьной радостной планете.

Парит торжественно волненьем

И, наконец, звучит вступление.

Они мотив сей долго ждали,

Их имя «Выпускник»! Они пред вами!

Жүргізуші: Қарсы алыңыздар: алдарыңызда 2019 жылдың түлектері 11 «А» сынып оқушылары! Сынып жетекшісі Заңова Ботагөз Амангелдиевна!Сыныпта 12 оқушы бар.

Жүргізуші: 2018-2019 оқу жылының «Сынғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Ведущий: Школа, внимание! Торжественная линейка, посвященная празднику последнего звонка, объявляется открытой!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады!

Звучит гимн Республики Казахстан!

Жүргізуші: Бүгінгі біздің салтанатты жиынымызға  қадірменді қоңақтар келіп отыр.

Ведущий: Сегодня на нашем торжественном линейке присутствует гости!

Жүргізуші:Спорт бөлімінің басшысы Имаяков Куаныш Шалабаевич!

Ведущий: Аким Софиевского сельского округа Артыков Еркин Егембердиевич!

Жүргізуші: «Ақ Дән» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің директоры Байжанов Айтқожа Садықұлы !

Жүргізуші:

Білімді қуса - қашар, қашсаң - жетер,

Білімге жетейін деп қума бекер.

Білім – ол тұңғиық, түбі - терең,

Білімсіз өте алмай, түсіп кетер.

 Басшысы мектебімнің сөзін айтса,

Түлектер санаға сап, ұғып өтер – дей отырып, алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Жүрқадам Жексен Қадырұлына береміз!

Ведущий: Слово для поздравления предоставляется акиму Софиевского сельского округа Артыков Еркин Егембердиевич!

 Жүргізуші:

Ұмытпан өздеріндей түлектерді,

Тербетіп, тебірентіп жүректерді,

Мінеки, бүлдіршіндер алдарында

Жолдайды жырмен бүгін тілектерді. – деп, құттықтау кезегі бірінші сынып оқушыларына да келіп жетті.

Ведущий:

Время летит, время плывет рекой,

Выпускникам замена подрастает.

Этой минуты ждали давно,

Внимание! Первый класс выступает!

Жүргізуші:

Сан сұрақ бұғып жатыр саналарда,

Сенің де сыныбын тұр жағалауда.

Кетігін тауып  өмірде қаланса егер,

Болады ол да бір күн паналауға.

Жетекші ұстаз, өзіне сөз береміз

Өзінді қалдырмас деп дара дауға.

Түлектердің сынып жетекшісі Заңова Ботагөз Амангелдиевна!

Жүргізуші: Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, ансау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы кадамында тұрған, жас түлек, ендігі кезекті өздеріңізге береміз!

Ведущий: А теперь, слово за тобой, выпускник!

(песня, пожелание, вальс)

Жүргізуші: Мектебіміздің биылғы оқу жылында оқу бітіріп, мемлекеттік емтиханға және Ұлттық Бірынғай Тестілеуге баратын оқушылардың тізімін оқу, Оқу озаттары мен мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысқан оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттау үшін, мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Аубакирова Тойған Рақашқызына беріледі!

Ведущий: Ждем церемонию награждения,

Высшей награды за год учения.

Высшим чинам почетная честь:

Лучших избранников не перечесть!

Слово для зачтения приказа предоставляется заместителю директора по учебной работе Нурпеисовой Гульжан Алысовне

 

Жүргізуші:

Бәрі - сын, араласын өмір аулын,

Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұн.

Мәнісін ұғасындар өткен күннің

Дауысын естігенде қоңыраудың!

Соңғы қоңырау соғуды 11 «А» сынып оқушысы мектеп белсендісі

және 1-ші сынып оқушысы                                    тапсырылады.

Ведущий:

Притихли торжественно выпускники,

Смахнули слезы тихонечко мамы,

Разные в жизни бывают звонки,

Но сейчас прозвенит самый главный!

Право дать последний звонок предоставляется учени 1-го «Б»  класса

Жүргізуші: (қоңырау соғылып жатқанда)

Соңғы қоңырау, дәстұр ғой әуелгі,

Мектептік естелік, ең соңғы әуені.

Оқушылық өмірді есіне салатын,

Сиқырлы қоңыраудың сыңғыры әдемі.

Соғылсын, соғылсын, қоңырау тағы да,

Түлектер еске алсын дыбысын сағына,

Ұстаздар аяулы, ата-ана, – бәрі де

Ерекше сезіммен түйсінші жадына

Ведущий: (во время звонка)

Прощанья час – для грусти повод,

Но вам грустить сегодня грех:

Рукою машет вслед вам школа,

И отправляет в жизнь вас всех.

Ждет впереди дорога,

И станешь взрослым ты.

Пусть будет счастья много,

Пусть сбудутся мечты!

Жүргізуші: Үлкен өмірге аттаған қадамдарына нұр жаусын, абыройларын үстем, талаптарын оң болсын! Жас түлектерді ақжол тілей отырып, соңғы сабақтарына шығарып салайық!

Ведущий: С пожеланиями удачи и счастья, провожаем одиннадцатиклассников на последний классный час!

Жүргізуші: Осымен «Сынғырла, соңғы қоңырау, сыңғырла!» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз! Құрметті оқушылар, ұстаздар! Жазғы демалыстарыңыз жайлы өтіп, көтеріңкі көңілмен келесі оқу жылында қайта жүздесейік!

Ведущий: На этом торжественную линейку, посвященную празднику последнего звонка, разрешите считать закрытой! Желаем учащимся и учителям хорошо провести летние каникулы. До свидания, до новых встреч!

 

       

 

 

     

Просмотров: 678


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст