Текст
2019 жылдың 4 қыркүйегінде №21 Софиевка орта мектебінде «Денсаулық фестивалы-2019» атты спорттық іс-шара өтті. Ең алдымен оқушылар сапқа тұрғызылып ,түрлі спорттық жаттығулар жасады. Содан кейін спорт алаңына барып , 5-6 сынып қыздары 400 м, 7-8 сынып қыздары 600 м, 9-11 сынып қыздары 800 метр қашықтықта жүгірсе, 5-6 сынып ұлдары 600 м, 7-8 сынып ұлдары 800 м және 9-11 сыныптың ұлдары 1200 м қашықтықта жүгірді. Сонымен қатар мектебіміздің ұстаздары 400 м қашықтықта жүгіріп өтті.