Ана сүтімен бойымызға дарыған ана тіліміздің құдіреттілігіне, байылығына, қасиеттілігіне баға жетпейді. Ана тілі – туған тілім, баба тілім, дана тілім, бал тілім – дегендей бүгін мектебімізде «Менің тілім – менің мақтанышым!» атты Қазақстан халқы тілдері мерекесінің онкүндігінің ашлуы мектепішілік жиында атап өтілді.Өткен жылға дейін мемлекеттердегі тілдер мерекесі- 22 қыркүйекте тойланатын. Ал еліміздегі тілдер мерекесін атап өту күнінің өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен -Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бүгін барша Қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде тілдер мерекесін белгілеп отыр. 5-11 -сынып оқушылары өз өлеңдерін оқып, ән айтып белсене қатысты . 5 "А" сынып оқушысы Сираш Мадина «Ана тілі» әнін орындап, 6 "А" сынып оқушысы Хуанышқанқызы Әлия түрік тілінде, 7" А " сынып оқушысы Абулсағит Бақыткерей ағылшын тілінде, орыс 6-7-8-сынып оқушылары башқұрт, татар, армян тілінде өлеңдер оқыды. Әрқашан достығымыз жарасып, көп тілді меңгеріп, тілін, дінін құрметтеген, еліміздің аяулы азаматтары болып өсулеріне тілектеспіз! Тілде мерекесі құтты болсын!