Текст
Целиноград ауданы “Софиевка ЖОБММ” КММ-де оқушылардың білімін бағалау бойынша ауқымды шара - 9,11 сынып түлектерін Мемлекеттік қорытынды аттестациялау басталды.
Бүгін мектепте 11-сынып түлектеріне алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша жазбаша емтихан тапсыруда. Емтиханды 21 оқушы тапсырды, оның ішінде 2 оқушы “Алтын белгі” үміткерлері.
Мектеп түлектеріне алған білімін дәлелдеп емтихандарды сәтті тапсыруларына тілектеспіз!