"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Софиевка отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Софиевка ЖОББМ» КММ-де «Қош бол, мектебім» атты 9-сынып оқушыларына аттестат тапсыру рәсімі өтті.

15.06.2022

2022 жылғы 10 маусымда сағат 16.00-де Софиевка ЖОББМ-де «Қош бол, мектебім» атты 9-сынып оқушыларына аттестат тапсыру рәсімі өтті. Мерекелік шара 50 минутқа созылды, іс-шараның құрметті қонақтары мектептің ардагер ұстаздары, ата-аналар болды. Салтанатты шара арнайы безендіріліп, концерттік шараның ұйымдастырылды.

Бітіруші түлектер мектеп вальсін биледі, қоштасу әнін айтты, көптен күткен 9 жылғы білімнің нәтижесі аттестаттарын алды. Оқушылар қоштасу әндерін хормен айтты, мектеп директоры Жүрқадам Ж.Қ., сынып жетекшілері Ержанова С., Курмангалеева Г., ата-аналар жылы лебіздерін білдірді. 9-сынып оқушылары Сағат Дамир мен Гучко Доминика ұстаздарына, мектепке алғыс сөздерін айтты. 9-сыныпты Софиевка мектебінен 41 оқушы тәмамдады. Қазақ сыныбында 30 оқушы, орыс сыныбында 11 оқушы. Оның ішінде Абулсағит Бақыткерей, Жамағатхан Роза, Гучко Доминика қызыл аттестат иегерлері болды. Аттестат беру рәсімі жоғары дәрежеде өтті. 

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст