Софиевка ауылы № 21 орта мектебінің
қыздар жиналысынан
ақпарат
Қазіргі заман қыз тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. «Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» — деп бекер айтылмаса керек. Осыған орай Софиевка ауылы №21 орта мектебінде 2019 жылдың 19 қыркүйек күні «Тек қыздар арасында...» атты қыздар жиналысы өтті. Жиналыстың басты мақсаты қыз балалардың бойында әдептілік, сыпайылық, инабаттылық, үлкенге құрметпен қарау қасиеттерін қалыптастыру. Сыныптас құрбыларымен сыйластық орната білуге тәрбиелеу болып табылады. Жиналысқа 8-11 сынып қыз балалары қатынасты.
Шара барысында мектептің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары Бекіш Арай Орынбасарқызы қыз бала тәрбиесі жөнінде сөз сөйледі. Келесі кезекте мектептің аға тәлімгері Рахатай Нұргүл Өмірбекқызы «Қыз қылығымен көркем» баяндамасын қыз балаларға оқып, сол жөнінде кеңес берді. Сонымен қатар,«Қыздар гигиенасы» тақырыбында мектебіміздің медбикесі Тиллабекова Айымхан Оразымбетқызылекция оқып, әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында қыздар өз тараптарынан сұрақ қойып, керек сұрақтарына жауап алды.«Қыздарға арналған психологиялық 40 кеңес» тақырыбында мектебіміздің психологі Нығмет Ақмарал қыздар арасында тренинг өткізді.
Өткізілген жиналыста қыз балалар өздеріне қажетті мағлұматтарды алды деген үміттеміз.
Тәлімгер: Рахатай Н.Ө.