"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Софиевка отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Софиевка ауылы № 21 орта мектебінің Халықаралық қыздар күніне байланысты «Қыз қылығымен» атты апталықтан ақпарат.

21.10.2019

Софиевка ауылы № 21 орта мектебінің Халықаралық қыздар күніне байланысты  «Қыз қылығымен» атты апталықтан ақпарат.

Халықаралық қыздар күнін  2012 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Біріккен Ұлттар Ұйымының мерекені күнтізбеге енгізудегі басты мақсаты - бүкіл әлемдегі қыздардың теңсіздік және әлеуметтік мәселелеріне назар аударту болып табылды. Осыған орай Софиевка ауылы №21 орта мектебінде 7-11 қазан аралығында «Қыз қылығымен» атты қыз балаларға арналған апталық өтті.

Апталықтың мақсаты: қыз балалардың бойында әдептілік, сыпайлық, инабаттылық, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарап ізетті болу қасиетін қалыптастыру. Өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның   жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру, адамгершілікке, жүйелі ойлауға дамыту.Сыныптас құрбыларының қадірін білуге, өзара сыйластық орнатуға, ата – баба салтын қастерлеуге, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиелеу.

7 қазан күні апталықтың ашылуы өтті. Тәлімгер апталықтың жоспарымен таныстырып шықты. Осы күні 9-11 сыныптар аралығында «Құқығың бұзыла ма?» атты сауалнама жүрізілді.

8 қазан күні мектеп психологі Нығмет Ақмарал «Қыз қылығымен көрікті» тренингін 8-10 сыныптар аралығында өткізді. Осы апталық барысында тарих пәнінің мұғалімдері де ат салысты. Мұғалімдер қазақ халқының тарихта аты қалған атақты әйел адамдарға байланысты  «Атақты нәзік жандылар» атты қабырға газетін шығарды. 9 қазан күні 1-11 сыныптар арасында «Қыздарға әсемдік жарасады» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Сынып жетекшілер сыныптағы қыз балаларға тәрбие сағатын арнады. Осы күні тәлімгер «Арыңды сақта, бойжеткен» атты 8-10 сыныптар арасында баяндама оқыды.10 қазан күні 2-5 сыныптың қыздар арасында «Мен қандаймын?»  атты суреттер байқауы өтті және де

 4 «ә» 4 «а», 4 «б» сыныптар арасында «Қыздар арасында...»  атты көңілді мәре өткізілді. 11 қазан күні «Сенің келбетің» тақырыбынды мектебіміздің медбикесі Тиллабекова Айымхан Оразымбетқызы7-9 сынып қыз балалар арасында дәріс оқыды.

Аптаның соңғы күнінде апталықты қорытындылау мақсатында  «Қазақтың қыздары» атты жоғары сынып қыз балалары арасында флэшмоб  өткізілді. 14 қазан күні өткізілген іс-шаралардың нәтижесіне байланысты оқушылар марапатталды.

 

Тәлімгер: Рахатай Н.Ө.

Просмотров: 468


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст