Текст
2022 жылғы 1 қыркүйекте Софиевка ауылы мектебінде жалпыға бірдей құқықтық ақпараттандыру жиыны өтті. Жиналысқа Целиноград ауданының қылмыстық полициясының подполковнигі Жумаканов Б.А., мектеп директоры Жүрқадам Ж.Қ., ДТІЖО Дінислам М., 7-11 сынып оқушылары қатысты. Жиында бала құқығын қорғау, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жағдайлар, денсаулыққа зиянды заттар туралы айтылды.