Текст
Софиевка ауылы № 21 орта мектебінің«Жас ұлан» балалар ұйымы мүшелері«Үлкенге құрмет-кішіге міндет» атты іс – шара аясында жалғыз басты қарт кісілерге көмек көрсетіп игі іс жасап жүр. 27 қараша күні жалғыз басты қарт ана Драницына Федосия Никифоровна мен 4 желтоқсан күні қария Кисиленко Василий Степановичке көмекке барды. Оқушылар осы аталған қариялардың ауласындағы қарды шығарып, қолқабыс жасады. Қарт кісілер оқушыларға ризашылығын білдіріп, рахметін айтты.